Самарқанд мемлекеттік университетінің Каттакурган филиалының залының төбесі құлап, алты студент қыз зардап шекті.
Бұл туралы Өзбекстанның бас прокуратурасы мәлімдеді.
Gazeta.uz жазғандай, оқиға 4 қыркүйекте, іс-шара өтіп жатқан кезде болған.
Аудандық прокуратура бұл оқиғаны тексеріп жатыр.
Ғимарат 2008 жылы пайдалануға берілген. Ол басында мектеп болған. 2021 жылы университеттің филиалы болып өзгертілді.



















