Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Рафаэль Гроссидің Иран Ислам Республикасына сапарын растады.
Еуразия Тудейдің Sputnik агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гросси Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесу үшін Иранға ресми сапармен барады.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік «Біз Бас директор Рафаэль Гроссидің Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесу үшін 6-7 мамыр күндері Иранға баратынын растаймыз», — деп хабарлады.
Бұған дейін Иранның Атом энергиясы ұйымының өкілі Беһруз Камалунди Рафаэль Гроссидің Иранға сапары кезінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік пен Иранның Атом энергиясы ұйымының шенеуніктері келіссөздер жүргізетінін мәлімдеген болатын.
Беһруз Камалундидің айтуы бойынша, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Иранға Исфаһан қаласында өтетін Иранның бірінші халықаралық ядролық конференциясына қатысу үшін келеді.



















