Әзірбайжанның Гянджа қаласында Өзбекстанның алғашқы Құрметті консулдығы ашылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, екі ел басшыларының бірлескен шешіміне сәйкес, Өзбекстанның Әзірбайжандағы консулы болып Кянан Жалилов тағайындалды.
Салтанатты іс-шараға Гянджа қаласының атқарушы билігінің басшысы Ниязи Байрамов, Гянджадағы Түркия және Грузия консулдықтарының басшылары, бизнес-қауымдастықтардың, ғылым мен мәдениет өкілдері, сондай-ақ басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Өзбекстанның Құрметті консулдығының ресми ашылу салтанатында сөз сөйлегендер консулдықтың ашылуы екі ел мен халықтар арасындағы өзара тиімді және бауырластық қатынасты одан әрі дамыту үшін бірегей мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
Өзбекстанның Әзірбайжандағы Құрметті консулдығы осы ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, Өзбекстан Республикасына Әзірбайжан инвестициялары мен туристерін тартуға, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға көмектеседі.



















