Кеше, 25 наурыз күні Еуропалық Одақ Apple, Google және Meta компанияларына қатысты тергеуді бастады.
Евразия Тудейдің Euronews телевизиялық жаңалықтар телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Digital Markets Act (DMA) заңын бұзды деген күдікке ілінген Apple, Google және Meta компанияларына қатысты тергеу жұмыстары басталды.
ЕО реттеуші органы ІТ алпауыттарына жаңа «Цифрлық нарықтар туралы» заңды бұзды деп күдіктенеді. Жаңа заң осы айдың басында күшіне енді. Ол заң бұзушылық орын алған жағдайда үлкен айыппұлдармен немесе тіпті компанияларды таратумен жазаланатын ережелер жинағын қамтиды.
Жаңа заңның мақсаты — тең бәсекелестік жағдайын қамтамасыз ете технологиялық алпауыттардың цифрлық нарықтарда үстемдік ету тәжірибесін тоқтату.
ЕО реттеуші органы Apple және Google қолданатын бизнес тәжірибелерін зерттеуге ниетті. DMA заңына сәйкес, интернет компаниялар үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасын әзірлеушілерге Apple және Google дүкендерінен тыс ұсыныстар туралы тұтынушыларға тегін хабарлау мүмкіндігін беруі тиіс.
Айта кетейік, бұл Еуропалық Комиссияның DMA аясында жүргізген алғашқы сот процесі.




















