Өзбекстан парламентінің спикері Нурдинжон Исмаилов Теһранда Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибафпен кездесті.
Өзбекстан парламентінің спикері Нурдинжон Исмаилов пен онымен бірге келген парламенттік делегация Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибафпен кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды.
Айта кетейік, Өзбекстан парламентінің спикері Нурдинжон Исмаилов ирандық әріптесі Мохаммад Бақер Қалибафтың шақыруымен елінің парламенттік делегациясының басында кеше, мамырдың 5 күні түнде Иран астанасы Теһранға келді.
Бүгін, мамырдың 6, сенбі күні таңертең Бахарестанда Нурдинжон Исмаиловты ресми қарсы алу рәсімі өтті.



















