10 қазан күні Әзірбайжан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) төрағалығы шеңберінде Шуша қаласында Сыртқы істер министрлері кеңесінің 27-ші отырысы өтті.
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің іс-шараға қатысушыларға жолдауын оқыды.
ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 27-ші отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысты.
Министрлік кездесуі барысында делегация басшылары қараша айында Ташкентте өтуі жоспарланған ЭЫҰ-ның 16-шы саммиті күн тәртібінің жобасын қарады, сондай-ақ Ұйымның жұмыс органдарының қызметі туралы ЭЫҰ Бас хатшысының есебін мақұлдады.
Сонымен қатар қатысушылар ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша пікір алмасып.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Шуша декларациясын қабылданды.
ЭЫҰ СІМК отырысы аясында Қазақстан СІМ басшысы Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен, Пәкістан Сыртқы істер министрі Джалил Джиланимен және Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Мехди Сафаримен екіжақты кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды жандандыру ниетін растады.
Отырыс шеңберінде Қазақстан СІМ басшысы ЭЫҰ Бас хатшысы Хусрав Нозиримен де кездесу өткізіп, Қазақстанның осы Ұйыммен ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар ЭЫҰ шеңберінде одан әрі тиімді өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.



















