Франция Президенті Эммануэль Макрон Қазақстанға сапарынан кейін 2 қарашада Өзбекстанға бет алады.
Франция көшбасшысы әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Франция Қазақстан мен Өзбекстанды реформалар мен модернизациялау жолында қолдауға, халықаралық байланыстарды әртараптандыруға үлес қосуға, олардың тәуелсіздігі мен егемендігін және Еуропамен қарым — қатынастарын нығайту ниетін қолдауға дайын.
Эммануэль Макронның Қазақстан мен Өзбекстанға сапарлары аясында сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар сапар барысында француз компанияларының қатысуымен экономикалық форумдар өтеді.
2023 жылғы тамыз айының соңында Эмманюэль Макрон Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай Шавкат Мирзиеевке жолдаған құттықтау хатында Өзбекстанға жақын арада ресми сапармен баратынына уәде берген еді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция Президенті Эмманюэль Макронның 1 қараша күні Қазақстанға ресми сапармен келетіні жөнінде хабарланды.



















