Әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздік индексінің (WPS индексі) 2023 жылғы нәтижесі жарияланды.
Asiaplustj.info сайтының мәліметіне сәйкес, 177 елдің арасындағы индекс нәтижесі бойынша Орталық Азия елдерінің ішінде 58-ші деңгейдегі Түркіменстан бірінші, 70-ші деңгейдегі Қазақстан екінші, 90-шы деңгейдегі Тәжікстан үшінші, 94-деңгейдегі Өзбекстан төртінші, 95 деңгейдегі Қырғызстан бесінші орында тұр.
Осы мәлімет бойынша Дания көш бастаса, Швейцария мен Швеция екінші және үшінші орындарда орналасқан.
АҚШ 37-ші, Ресей 56-шы, Қытай 82-ші, Түркия 99-шы, Иран 140-шы, Орталық Африка Республикасы 175-ші, Йемен 176-шы, Ауғанстан 177 орында болды.
WPS индексін дайындау кезінде оның авторлары 13 көрсеткіш бойынша елдердегі жағдайды ескерді.



















