Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған жуырда Қырғыз Республикасына келеді.
Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Қырғыз Республикасына келетін алдағы сапары туралы Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Түркия Елшісі Ахмет Садык Доғанмен кездесуде талқылады.
Жээнбек Кулубаев 2024 жылғы 25 қаңтарда Түрік Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ахмет Садык Доғанды қабылдады.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, Қырғыз Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы көп қырлы серіктестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Бішкекке жоспарланған сапары туралы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 2024 жылдың 9 қаңтарында Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданды қабылдауында да талқылаған болатын.
Айта кетейік, Түркия Республикасының Президенті Ердоған Қырғызстанға ресми сапармен 2018 жылы келді.



















