Литва тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы ең ауқымды әскери жаттығу өткізеді.
LRT басылымының хабарлауы бойынша, сәуір-мамыр айларында Литва «Thunder 2024» әскери жаттығуларын өткізеді.
Мәліметтерге қарағанда, Литваның тәуелсіздігі қалпына келтірілгеннен бергі жылдар ішіндегі бұл ең ауқымды жаттығу болмақ.
Бүгінде әскери жаттығуларға қатысты жоспарлар талқылануда. Маневрлерге барлығы 10 мыңға жуық әскер қатысады деп жоспарлануда.
Әскери жаттығудың мақсаты — көпсалалы операциялар аясында қорғаныс дайындығына әзірлік.



















