Иранның Фарс облысында Наурыз мерекесіне орай «Һәфт син» көрмесі ұйымдастырылды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Һәфт син» көрмесімен қатар, кепкен жемістер, тәттілер және кәдесыйларға арналған көрмелер Шираз қаласындағы халықаралық көрме орталығында өтті.
Аталмыш іс-шара Наурыз мейрамына орай әдет-ғұрыптарды сақтау мақсатында ұйымдастырылды.
Көрмеге Наурыз дастарханы, тәттілер, кәдесыйлар, кепкен жемістер мен қолөнер бұйымдары қойылды.
Шираз халықаралық көрмелер басшысы Нахавандидің айтуы бойынша, көрмеде жергілікті өндірушілер өз өнімдерін халыққа қолайлы бағамен арзанырақ ұсынған.
Көрме басшысы көрме барысында туристер мен келушілер Наурыз символдарын айқындайтын керемет қолөнер бұйымдарына ерекше қызығушылық танытқанын айтты.
Көрме 2024 жылғы 6 — 10 наурыз аралығында өтті.
«Һәфт син» — Иранда Наурыз мерекесіне орай жайылатын дастархан. Бұл дастарханға өндірілген бидайдан жасалған тағам «сәмәну», «сиб»-алма, «сәбзи»-көк шөп, «сомағ»-сұмақ, «сәнджед»-жиде, «серке»-сірке суы, «сир»-сарымсақ сынды «син» әрпінен басталатын жеті зат қойылады. Барлық заттар «син» әрпімен басталатындықтан, дастархан «Һәфт син»-«жеті син» деп аталады.



















