Иран президенті Ибраһим Раиси және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар мінген тікұшақ Дизмар орманды аймағында апатқа ұшырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, жексенбі күні Иран президенті Ибраһим Раиси, СІМ басшысы Хоссейн Амир Абдоллаһиан, провинция губернаторы және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктер мінген тікұшақ Узи мен Пир Довуд ауылдары ортасындағы Дизмар орманды аймағында «Қиз қаллехси» бөгетін ашу рәсімінен кейінгі қайтқан сәтте ауа райының қолайсыздығына байланысты апатқа ұшырады.
Тікұшақ апатқа ұшыраған аймаққа жету қиын және көлікпен жүру мүмкін емес аймақтардың бірі болып табылады.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Путиннің бұйрығымен Иранға кәсіби тау құтқарушымен бірге арнайы тікұшақтары бар «Илюшин-76» ұшағы жіберілгенін хабарлады.
Ресей президентінің арнайы көмекшісі Иранның бірінші вице-президентімен телефон арқылы сұхбатта Путиннің жексенбі күні осы елдің қорғаныс және қауіпсіздік саласының жоғары лауазымды тұлғалары және Иран елшісінің қатысуымен кезектен тыс кездесу өткізгенін хабарлап, 50 кәсіби тау-кен құтқару күштері және арнайы тікұшақтары бар екі жетілдірілген ұшақтың бірнеше сағат ішінде Иранға жетіп, қонатынын айтты.
Сонымен қатар Иранның бірінші вице-президентімен телефон арқылы сөйлескен Ирак президенті Иран Ислам Республикасының президенті мінген тікұшақтың апатқа ұшырауына алаңдаушылық білдіріп, Ибраһим Раисиге және оның делегациясына Ирак үкіметі мен халқының атынан денсаулық тіледі.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, ел президенті мінген тікұшақтың апатынан кейін көптеген үкіметтер мен ұлттар және халықаралық ұйымдардың Иран үкіметі мен халқымен бірге екенін білдіріп, іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу туралы шынайы ұсыныстарына алғысын білдірді.
Қызыл Жарты Ай, Басидж, Сақшылар корпусы да іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Иран Қызыл жарты ай қоғамының бас хатшысы Сулеймани: «Апат болған жерде 15 жедел әрекет ету тобы және 5 Қызыл жарты ай қоғамының жедел тобы бар. Біз президент мінген тікұшақтағы адамдардың қоңыраулары туралы хабарламаларды зерттеп жатырмыз», деді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Имам Реза (ғ.с.) туған күніне орай Ислам революциясы Сақшылар корпусының жанұяларымен өткен кездесу шарасында ел президенті пен оның жанында болған ресми тұлғалар мінген тікұшақтың апатқа ұшыруына алаңдаушылық білдіріп: » Құдіретті Құдай президент пен оның серіктерін ұлттың құшағына қайтарады деп сенеміз. Барлық адам олардың денсаулығы үшін дұға етеді. Иран халқы алаңдамауы керек және елде бәрі жақсы болады», деді.
Иран үкіметінің өкілі Әли Бахадори Джахроми оқиғаға байланысты: «Біз қиын және күрделі жағдайларды бастан өткеріп жатырмыз. Президент мінген тікұшақ апаты туралы соңғы жаңалықтардан хабардар болу халық пен бұқаралық ақпарат құралдарының құқығы. Алайда апат болған аймақтағы ауа райы жағдайларына байланысты әзірге жаңа жаңалықтар жоқ. Осы сәтте шыдамдылық танытып, дұға ету мен көмек көрсету топтарына сенім артамыз», деп атап өтті.
Иран президенті және осы елдің басқа да ресми тұлғалары мінген тікұшақ апат болған аймақ өте жаңбырлы және тұманды. Сондай-ақ, бұл аймақта интернет байланысы жоқ.
Иранның Ішкі істер министрі Ахмади Вахиди оқиғаға байланысты пікір білдіріп: «Іздестіру-құтқару топтары оқиға болған аймаққа жіберілді. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан тікұшаққа жету біраз уақыт алуы мүмкін»,-деді.
Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пир Хоссейн Коливанд бүгін таңертең Президент Раиси мінген тікұшақ сынықтары табылғанын мәлімдеді.
Қызыл жарты ай қоғамының мәліметінше, тікұшақ апатқа ұшыраған Тавиль ауылында 73 іздестіру тобы құрылған.
Пир Хоссейн Коливандтың айтуы бойынша, көмек көрсету топтары бұл аймақтағы ауа-райының қолайсыздығына, өткелдің қиындығына, сондай-ақ түннің қараңғылығына қарамастан іздестіру жұмыстарын жүргізген.




















