Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы – Мальта Республикасының Сыртқы, Еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчты қабылдады.
Бұл туралы Еуразия Тудей Тәжікстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Кеше, сәрсенбі, 26 маусымда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы – Мальта Республикасының Сыртқы, Еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесті.
Кездесуде Тәжікстанның ЕҚЫҰ және Мальтамен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Эмомали Рахмон сөзінде ұйыммен қарым-қатынас орнатудың алғашқы күндерінен бастап өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдіргенін атап өтті.
Тараптар өзекті өңірлік және жаһандық мәселелер жөнінде айтып, ЕҚЫҰ аясында әскери, саяси, экономикалық және экологиялық қарым-қатынасты кеңейтуді талқылады.
Әңгіме барысында Эмомали Рахмон мен Иан Борч қауіпсіздік мәселелерін шешу, киберқылмыстармен күресу және экстремизмді, радикализмді және зорлық-зомбылықты насихаттау мақсатында интернетті теріс пайдаланудың алдын алу туралы пікір алмасты.
Әңгіменің келесі бір бөлігінде тараптар Тәжікстан мен Мальта арасындағы өзара қызығушылық тудыратын салалардағы, оның ішінде парламентаралық, сауда, инвестициялық, кәсіпкерлік, туристік және мәдени-гуманитарлық байланыстардағы қарым-қатынастың кеңею жолдарын қарастырды.
Еске сала кетейік, Иан Борч Тәжікстанға дейін Қазақстанға ресми сапармен болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізді.



















