Хезболла ұйымының жаңа Бас хатшысы болып Хашем Сафиеддин тағайындалды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Хезболла ұйымын 1992 жылдан бері басқарып келген Хасан Насралла Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқаннан кейін ұйымның келесі басшысы Хасан Насралланың немере інісі Хашем Сафиеддин болды.
Ливандағы Хезболла тобын 32 жыл бойы басқарған Насралла Бейруттің оңтүстігіндегі Дахие қаласындағы Хезболланың штаб ғимаратына жасалған шабуыл кезінде қаза тапты.
Израиль қорғаныс күштері әуе шабуылының жауапкершілігін өз мойнына алып, мұны олардың Хезболлаға қарсы жалғасып жатқан науқанының бір бөлігі деп атады.
Хезболла ұйымының негізін қалаушылардың бірі Хашем Сафиеддин ұзақ уақыт бойы Хезболла ұйымының саяси, әлеуметтік, мәдени және білім беру қызметін бақылауға жауапты болды. 2017 жылы АҚШ Мемлекеттік департаменті Хашем Сафиеддинді «лаңкес» деп атады.
Сафиеддиннің Насралламен отбасылық байланысы оны Хезболланың жаңа басшысылығына мықты үміткер етті.
Сарапшылардың пайымдауынша, Хашем Сафиеддиннің басшылығы Хезболла тобының Израильге қарсылығын күшейте түседі.
Еске сала кетейік, Израиль 28 қыркүйек, сенбі күні жасаған мәлімдемесінде Хезболла ұйымының жетекшісі Хасан Насралла мен осы ұйымның оңтүстік майданының қолбасшысы Әли Карки және басқа да қолбасшыларды өлтіргенін хабарлады.
Хезболла тобы да Хасан Насралланың қаза тапқанын растады.



















