Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын мінген пойыз Приморск өлкесіне келді.
КХДР жетекшісі Ким Чен Ын Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу мақсатында 10 қыркүйек күні Пхеньяннан пойызбен шыққан болатын. Онымен бірге елдің СІМ басшысы мен әскери комитет басшысының орынбасары бар.
Ертең, 13 қыркүйекте Ким Чен Ынның Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуі өтеді.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей басшысының Ким Чен Ынмен кездесуі Қиыр Шығыста өтетінін айтқан болатын.
Дмитрий Песков айтуынша, бірінші кезекте елдердің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастыққа, сауда-экономикалық байланыстарға және мәдени алмасуларға байланысты мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ, екі лидер Ресейдің әскери технологиясын Солтүстік Кореяның артиллериялық снарядтары мен ракеталарына айырбастау мәселесін талқыламақ.



















