Қатар астанасы Дохадағы Ауғанстан бойынша үшінші саммит аясында «Талибан» қозғалысының өкілі бірқатар ел өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді.
Еуразия Тудейдің Қатардағы «Талибан» қозғалысы саяси кеңсесінің өкілі Сухейл Шахиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, «Талибан» қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид Дохадағы Ауғанстан бойынша үшінші саммит аясында Ресей Федерациясы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов және Өзбекстан Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Исматулла Иргашевпен кездесті.
«Талибан» қозғалысының делегациясы бұған дейін жиын аясында Үндістан, Сауд Арабиясы, Қазақстан, Ұлыбритания, Норвегия, Индонезия, Нидерланды және Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдерімен кездескен болатын.
Қатар астанасы Дохада БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша үшінші саммитіне қатысушылар жиналды. Бұл форматтағы кездесуге қатысу үшін алғаш рет «Талибан» қозғалысының делегациясы Дохаға келді.
Кеше, жексенбі күні кешке Дохада делегациялардың бірлескен кешкі асымен басталған БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша екі күндік конференциясының жұмысына 25 мемлекеттің дипломаттары қатысады.
Бүгін, 1 шілдеде Дохада БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің үшінші кездесуіне Қатар, Ресей, ҚХР, Иран, Пәкістан, АҚШ, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, БАӘ, Түркия, Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Индонезия, Жапония, Корея Республикасы, Германия, Франция, Италия, Норвегия, Канада, ИЫҰ, ШЫҰ және ЕО делегациялары қатысып, Ауғанстанға қатысты халықаралық келіссөздердің үйлестірілуін талқылайды



















