Аустрия астанасы Венадағы Ұлттық кітапханада «Қазақстан көшпенділері. Салты мен дәстүрлері» атты көрме ашылды.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 13 желтоқсан күні ашылған көрмеде Вена тұрғындары мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған турист Қазақстанның мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік алды. Қонақтардың назарына Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қорларынан көптеген экспонат ұсынылды, олардың ішінде музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар, киім-кешек және т.б.
Табиғи материалдардан жасалған әшекейлері бар қазақ киіз үйі келушілерге ерекше ұнады.
Тарихи жәдігерлермен қатар, Альпі республикасының тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын «Алатау» фольклорлық ансамблі әртістерінің концерті тудырды. Олардың орындауында домбыра, қобыз және сазсырнай сияқты ұлттық аспаптарда қазақстандық композиторлардың шығармалары шырқалды.




















