Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның шақыруымен Пхеньянға барады.
KCNA агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин Ким Чен Ынның Пхеньянға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, жақын уақытта Солтүстік Кореяға баруға дайын екенін білдірді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Солтүстік Кореяға сапарын растады.
Алайда Песковтың айтуы бойынша, Ресей президентінің нақты қай күні сапар шегетіні әзірге белгісіз.
Солтүстік Корея Үкіметі Ресей президентін корей халқының ең жақын досы атап, Путинді жылы қарсы алуға дайын екенін жеткізді.
Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын Ресей президентін 2023 жылдың қыркүйегінде Ресейге келген сапары барысында шақырған еді. Путин соңғы рет Солтүстік Кореяда 2000 жылы ресми сапармен болды. Алайда бұл сапарында Путин Ким Чен Ынның әкесі Ким Чен Ирмен кездесті.
Ким Чен Ын мен Владимир Путин алғаш рет 2019 жылдың сәуір айында Солтүстік Корея көшбасшысының Ресейге сапары барысында кездесті.
Екінші рет олар 2023 жылы тағы да Ресейде кездескен болатын.
КСРО 1948 жылы 12 қазанда КХДР-мен бірінші болып дипломатиялық қатынас орнатты.
Ресей КХДР-ға екіжақты негізде және халықаралық ұйымдар желісі бойынша да гуманитарлық көмек көрсетеді.
2020-2021 жылдары Ресей КХДР-ға азық-түлік көмегін көрсетуге жеті миллион доллар бөлді.



















