Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік туды жетілдіру мақсатында тудың пішінін өзгерту туралы Заңға қол қойды.
Қабылданған Заңға сәйкес, Қырғыз Республикасының туындағы күн сәулесінің толқынды пішіні түзу етіп өзгертіледі.
Заң Қырғыз Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі – елдің туын жетілдіру мақсатында қабылданды.
Қабылданған Заңда сондай-ақ Қырғыз Республикасының Мемлекеттік туы бейнеленген ресми құжаттардың барлық түрінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамдылығы ескерілді.
Сонымен қатар мемлекеттік ту бейнеленген көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері мен тіркеу куәліктері тиісті орган оларды ауыстыру туралы шешім қабылдағанға дейін жарамды.
Қырғыз Республикасының мемлекеттік туы – қызыл түсті, төртбұрышты. Оның ортасында біркелкі алтын түсті толқынды қырық сәулесі бар дөңгелек күн бейнесі орналасқан. Күннің ішінде үсті түндікпен жабылған киіз үй бейнеленген.



















