Өзбекстан делегациясы 7 қаңтар күні қажылық сапарларды одан әрі жетілдіру мақсатында Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігінің басшылығымен кездесті.
Өзбекстан мұсылмандары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, кездесуге Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ бен Фавзон әл-Рабиа, Өзбекстанның Дін істері комитетінің төрағасы Содиқ Тошбоев және Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, мүфти шейх Нуриддин Халиқназар қатысты.
Кездесу барысында тараптар «Қажылық-2024» маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері және өзара қарым-қатынастың келешегін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Өзбекстанның Дін істері комитеті мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі арасында сапарларды одан әрі жетілдіру туралы келісімге қол қойылып, өзбекстандық қажылар үшін ұмра рәсімінің құны төмендетілді.
Енді кіші қажылыққа баруды ұйымдастырудың жаңа тарифі Өзбекстанда 10 қаңтардан бастап күшіне енеді.




















