30 қыркүйек күні Өзбекстанда 8-ші Еуропа кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Фестиваль көрсетілімдері Ташкентте «Yulduz » кинотеатрында 1 қазаннан бастап, ал Бұхара қаласында «Buxoro» кинотеатрында 3 қазаннан бастап өтеді.
Еуропа кинофестивалі Ташкенттегі «Жібек жолының інжу-маржаны» XV халықаралық кинофестивалі аясында өткізілуде.
Іс-шара аясында 54-ші халықаралық кинофестивалінің қазылар алқасының арнайы сыйлығының иегері Антонио Лукичтің «Менің ойларым тыныш» фильмінің көрсетілімі өтті.
Кинофестиваль ашылуында EU-FOCUS FILM CAMP қатысушыларына курстардан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, Еуропа кинофестивалі аясында «Ego le Cachalot» концерті өтеді. Концерт 2 қазан күні Ташкент қаласындағы Кинематографистер үйінде өтеді. Кіру тегін.



















