Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев мемлекеттің зайырлылығын бекітетін Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.
Өзбекстан Әділет министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, заңнамаға енгізілген түзетулер көп әйел алуды насихаттағандарға жауапкершілікті көздейді.
Енді екі немесе одан да көп әйелмен бірге тұруға деген көзқарастарды, идеяларды немесе үндеулерді таратқаны үшін шамамен 405 доллардан 810 долларға дейін айыппұл төлейді немесе 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынады.
Сонымен қатар аталған құжатқа сәйкес адам жынысы бойынша кемсітушілікті насихаттауға да тыйым салынады.
Сондай-ақ, АХАЖ органдарында ресми рәсімсіз «неке» қиғандарға да жауапкершілік көзделген.
Жыныстық кемсітушілікке жол беріп, қоғамдық орындарда адамды тануға мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін тұмшалап алғаны үшін жаза көздейді.



















