Беларусь президенті Александр Лукашенко кеше, 7 ақпанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Өзбекстанға ресми сапармен келді.
Александр Лукашенконы Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов ресми қарсы алды.
Беларусь президентінің сапар бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Келіссөздер барысында тараптар Беларусь және Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері, атап айтқанда өзара тауар айналымын арттыру, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, байланыс және басқа да салалардағы байланыстарды дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасады.
Сонымен қатар, кәсіптік білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы серіктестікті дамыту бағдарламалары талқыланады деп күтілуде.



















