Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласындағы «Казань Экспо» орталығында ашылған Татарстанның өнеркәсіптік әлеуетінің көрмесін тамашалады.
Мемлекет басшысына Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары – Индустрия және сауда министрі Денис Мантуров пен Татарстан төрағасы Рустам Минниханов жолсерік болды.
Шавкат Мирзиеевке үшінші Өзбекстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысы туралы толық ақпарат берілді.
Өзбекстан басшысы Татарстанның жетекші кәсіпорындарының өнеркәсіп өнімдері және технологияларымен танысты.
Көрме аясында Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары – Индустрия және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесу өтті.
Өзбекстан мен Ресей аймақтарының кезекті форумында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері, бірінші кезекте өндірістік кооперация жобалары қарастырылды.
Айта кетсек, Шавкат Мирзиеевтің Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Татарстан астанасы Қазан қаласында Өзбекстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастығы жөніндегі III форум өтуде.
Бұл форумда Самарқанд облыстық әкімшілігінің, облыстық инвестициялар, өнеркәсіп және сыртқы сауда басқармасы мен Сауда-өнеркәсіп палатасының облыстық басқармасының өкілдері, сондай-ақ 20-дан астам кәсіпкер Ресей Федерациясының өңірлерімен өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жөнінде келіссөздер жүргізді.
Делегацияның сапары барысында 202 миллион АҚШ долларын құрайтын келісімдер әзірленді, оның ішінде 152 миллион АҚШ долларын инвестиция және 50 миллион АҚШ долларын экспорттау құрайды.



















